ОҚО-да облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы тағайындалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-да облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы тағайындалды.
None
None

ОҚО әкімінің бұйрығымен бұл лауазымға Сейітжамал Пәкеев тағайындалды, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен. Ол 1959 жылы дүниеге келген. Мамандығы - дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты.

Сейітжамал Орынбасарұлы әр жылдары облыстағы бірқатар медициналық мекемелерде басшылық лауазымдарында болды. Шымкент медициналық колледжінің директоры болған. Осы жылдың наурызынан облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар