ОҚО-да орташа өмір сүру ұзақтығы 71,8 жасты құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО-да орташа өмір сүру ұзақтығы 71,8 жасты құрады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.
None
None

Әкімнің сөзіне қарағанда, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы онкологиялық және туберкулезге қарсы диспансерді салу жоспарланып отыр.
«Жалпы, негізгі екпінді жоғары мамандандырылған медицинаны дамытуға қойып отырмыз. Осы орайда трансплантология, кардиохирургия және балалалар кардиохирургиясына, телемедицинаға назар аударылып отыр»,-деді әкім.
Таратылған мәліметке қарағанда, есепті жылы 311 науқасқа жүрекке ашық ота жасалып, 24 науқасқа бүйрек, 3 науқасқа бауыр алмастыру операциялары жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар