Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ОҚО-да пара алған ауыл әкіміне 9 млн. теңге айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында Шұбарсу ауылдық округінің әкіміне 9 млн. теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды 24.kz.

ОҚО-да пара алған ауыл әкіміне 9 млн. теңге айыппұл салынды

Шенеунік 150 мың теңге үшін жер телімін жеке меншігіне өткізіп берем деп уәде берген. Құқық қорғаушылар мемлекеттік қызметкерді пара алып жатқан жерінен қолға түсірді.

«Ордабасы аудандық сотының үкімімен 2015 жылдың 23 маусымынан бастап Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылдық округінің әкімі Ж.Самбетов ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігінде қаралған қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылды», - деп хабарлайды аталған соттың прокуроры Нұркен Қосбаев.

Бұрынғы әкімнің барлық дүние-мүлкі тәркіленді. Бұдан кейін ол өмір бойы мемлекеттік қызметке тұру құқығынан айырылды.