15:51, 07 Қазан 2013 | GMT +5
ОҚО-да «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде перзентхана үйлерінің базасы жақсартылды
ШЫМКЕНТ. 7 қазан. ҚазАқпарат - ОҚО-да «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде перзентхана үйлерінің базасы жақсартылды.

Облыстық басқарманың баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша қазіргі уақытта мемлекеттік бағдарлама аясында жаңа перзентханалар мен облыстық балалар ауруханасы салынды, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген 4 перинаталдық орталық құрылды. Қазіргі уақытта өңірдегі Шымкент және Түркістан қалаларында балалар ауруханасы салынуда.
ОҚО Денсаулық сақтау басармасында айтылғандай, балалар мен әйелдерге халықаралық стандарттарға сәйкес көмек көрсету үшін медицина қызметкерлеріне тәжірибелік әдістемелер үйрету жөніндегі 2 тренинг-орталық ұйымдастырылған. Литва, Ресей, Польша, Израильмен ынтымақтастық жолға қойылған.
2013 жылы жергілікті бюджеттен перзентхана үйлерін жабдықтауға 904,8 млн. теңге бөлінді.