ОҚО-да шағын және орта бизнесті тексеруге қатысты мораторий бұзылуда

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО-да шағын және орта бизнесті тексеру мораторийінің талаптары бұзылуда.
None
None

Кәсіпкерлер палатасынан хабарлағандай, мемлекеттік органдар бизнесмендердің жұмысын оларды жеке кәсіпкер болып табылса да, жеке тұлғаның атынан бүркемелеп жүргізуде.

Мәселен, Түлкібас ауданында ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аймақтық инспекциясы Түлкібас ауданының Дауан ауылының тұрғынын кезектен тыс тексеру жөнінде бұйрық шығарған.

Тексеріс нәтижесінде ол адамның «ДИАС» шаруа қожалығының басшысы екендігі анықталды. АШМ қызметкерлері азаматтың жеке кәсіпкер екенін олар одан салықтық есебіне қатысты ақпаратты сұрағаннан кейін білген. Ауыл шаруашылығы инвесторларына көмек көрсету орталығы басқармасы мен ветеринарлық инспекция кәсіпкерлерінің палатасының араласуынан кейін тексеру жүргізілмейтін болды.

Ұқсас жағдай ОҚО-ның Қазығұрт ауданында да болды. Онда осы мемлекеттік орган Бағысбаев деген жеке тұлғаны тексермек болған. Ол «Найман» шаруа қожалығының төрағасы болып табылады. Басқарма мен кәсіпкерлер палатасының араласуынан кейін тексеріс жүргізілмейтін болды.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлердің құқығын қорғаушылар айыпты тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыруда. Елде жеке бизнесті тексеруге қатысты мораторийдің 3 рет бұзылғаны тіркелген.

Соңғы жаңалықтар
Референдум