ОҚО-да шығарылған шұлықтар Еуропаға экспортталмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында Елбасының қатысумен өткен телекөпір барысында жылына 16 млн. дана шұлық өнімін шығаруға мүмкіндігі бар «Алем БТ» фабрикасы іске қосылған болатын. Jintex Global кореялық компаниясымен бірлесе жүзеге асырылған бұл жобаны, аталған компания сүйемелдеп, дайын тауарды тұтынушыға жеткізуге мүдделі. Екі ай ішінде компания 200 мың жұп шұлық бұйымдарын шығарған, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Қазіргі таңға, дайын өнімдерді АҚШ, Ресей, Кореяға жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілуде, сонымен қатар, Шығыс Еуропаға экспортқа шығару мәселесі қарастырылып жатыр.

Фабриканың өнімдері жоғары сапасымен ерекшеленеді және тұтынушылар арасында сұранысқа ие. Бұл жобаны жүзеге асыру нәтижесінде облыстың экономикасына 1,9 млрд. теңге көлемінде инвестициялар тартылған.

Кәсіпорын толық жобалық қуаттылғына шыққан сәттен бастап, 400 адамды жұмыспен қамтымақ. Кәсіпорында «Xyoung» оңтүстік- кореялық құрал жабдықтары орнатылған. Капрон бұйымдарын шығаруға жергілікті өндірушілердің сапалы талшығы қолданылады.

Соңғы жаңалықтар