Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ОҚО-да табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету қорына мұғалімдер мен дәрігерлерден ақша алынбайды

ШЫМКЕНТ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Облыста үкіметтік емес ұйым және ОҚО әкімдігінің бастамасымен табиғи апаттан зардап шеккен өңір тұрғындарына көмек көрсету штабы құрылды.

ОҚО-да табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету қорына мұғалімдер мен дәрігерлерден ақша алынбайды

Жұмыстың алғашқы күнінде-ақ қорға аймақ кәсіпкерлерінен 40 млн. теңге түсті. Сондай-ақ көмек көрсету қорына аудан әкімдерінің бес күндік жалақысын аудару туралы шешім қабылданды. Қатардағы мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақыларын аударды. Жалпы сома 110 млн. теңгеден асып жығылды. Атап өтейік, облыс әкімінің өкімімен қорға қаражат қатардағы ұстаздар мен дәрігерлерден алынбайды.

Естеріңізге сала кетейік, 12-13 қаңтарда ОҚО-ның Сарыағаш және Созақ аудандарының тұрғындары су тасқынынан және қатты желден зардап шеккен болатын.