ОҚО-да Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы ауқымында 30 жоба іске қосылды

МКЕНТ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - 2011 жылдың 10 айында Оңтүстік Қазақстан облысында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы ауқымында жалпы көлемі 11,2 млрд. теңгенің 30 жобасы іске қосылып, 1320 жұмыс орны ашылды, деп хабарлады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

ОҚО-да Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы ауқымында 30 жоба іске қосылды

Осы кезеңде аймақта өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 293,4 млрд. теңге немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,9 пайыз болды.

2011 жылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша, сапа менеджменті жүйесін енгізген кәсіпорындар мен мекемелер саны 303-ке жетті (2010 жылғы 1 қарашада - 238).

238 кәсіпорын тауардың шыққан жері туралы 876 «СТ-KZ» сертификатын алды (2010 жылғы 1 қарашада - 113 кәсіпорын).