ОҚО-да «Үздік тауар» таңдалды

Аймақтық конкурсқа облыстың 80-ге тарта тауар өндірушілері қатысты. Олардың арасында ірі кәсіпорындармен қатар республикалық конкурстың лауреаттары және жаңалары да болды. 26-ға жуық жаңа компаниялар жеңіске ұмтылып бақ сынады.
«Конкурсқа 80 кәсіпорын қатысуда, олар қаржы жеткіліксіздігін, Ресей Федерациясындағы бәсекеестерімен проблемаларды бастан өткерді. Дегенмен олар қиындықтарға қарамастан, бірыңғай экономикалық аймақта барлық күш-жігерін жұмсап, өздерінің бәсекеге қабілетті тауарларын шығаруда. Ішкі өндірісті ұлғайту жұмыс орындарының көбеюіне және бюджетке түсімдерді арттыруға, импортты алмастыруға ықпал ететінін еске салғым келеді», - деді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Жеңісбек Дулатов.
Көрмеге Оңтүстік Қазақстан облысының тамақ, фармацевтік, машина жасау, жеңіл және құрылыс индустриясы салаларында шығарылған жүздеген тауарлар қойылды. Осында кілем тоқушылар, тағам өнімдерін, кір жуу құралдарын, балалар ойыншықтарын, киімдер, құрылыс материалдарын өндірушілер бас қосты. Олардың арасынан үздіктерін таңдау емес, дейді қазылар алқасы. Үздіктерді таңдауда инновацияларды енгізу, нарық және экспорт көлемі, әлеуметтік жауапкершілік сияқты көрсеткіштер ескеріледі.
Сарапшылпр комиссиясы кәсіпорындар жұмысын зердей келіп, «Қазмедприбор» ЖШС «Үздік өндірістік тауар» шығарады деген қорытындыға келді. Бұл компания бірнеше жылдан бері жоғары технологиялы медициналық жабдықтар мен медициналық жиһаздар шығаруға мамандануда. Осы аталымда екінші орынға «Карлскрон» кәсіпорыны, үшінші орынға «Зерде-керамика» ЖШС лайық деп танылды.
Ал «Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымында "Planta" ЖШС-ға басымдық берілді. Компания фитошай, косметикалық майлар, биологиялық қоспалар және медицина аптечка шығарады. Екінші орында «Назар-текстиль» ЖШС, үшінші орында - «Құдайбергенов» жеке кәсіпкері.
Ауылдық «Хамит» тұтынушылар кооперативі «Үздік азық-түлік өнімдері» аталымында жеңімпаз болды, кәсіпорын балық өңдеумен айналысады. Онда тоңазытылған, қақталған және ысталған балық өнімдері экспорты жолға қойылған. Екінші орында - «Шымкентқұс» компаниясы, үшінші орында - «Мадлен KZ" ЖШС.
Осы аталымдарда жеңімпаз атанғандар республикалық «Қазақстанның үздік тауары» конкурсында өңір намысын қорғайды. Бүгін сарапшылар киізден аяқ киім тігетін, әшекейлер, сусындар мен медициналық протездер сияқты өнімдер шығаратын бірқатар басқа да кәсіпорындардың жақсы жұмыстарын атап өтті.
Көрме-конкурсқа мыңдаған қала тұрғындары келді. Олар ОҚО-да шығарылатын өнімдерді тамашалап қана қоймай, ұнаған тауарларын сатып алып, тағамдардың дәмін татып көрді. Осындай ауқымды шарада алғаш рет көрме қонақтары үшін шеберлік сабақтары өткізілді.