ОҚО-да вагондардың рельстен шығып кетуіне байланысты 6 жолаушылар пойызы кешіктірілді
АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында Сергеевка ауылының маңында көмір тиелген «Тараз - Шымкент» бағытындағы жүк пойызының 11 вагоны рельстен шығып кетті.
Осының салдарынан «Бішкек-Мәскеу» бағытындағы №17; «Қызылорда-Семей» бағытындағы №22; «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы №23; «Ақтөбе-Алматы» бағытындағы №33; «Астана-Сарыағаш» бағытындағы №85; «Орал-Алматы» бағытындағы №380 пойыздар кешіктірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Бүгін 06.25-те жұп жолдар бойынша қозғалыс қалпына келтірілді. Апат салдарын жоюға ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облысының ТЖД жеке құрамының 8 адамы мен 2 техника бірлігі, «ҚТЖ» АҚ 44 маманы және Шымкент стансасынан 1 апаттық-құтқару пойызы жұмылдырылды.