ОҚО-да «Южполиметалл» АҚ басшысы $61 млн жымқырды деген күдікпен ұсталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - «Южполиметалл» АҚ президенті 61 млн долларды қалтасына басты деп күдіктелуде.
None
None

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Еңбекші аудандық соты «ПК Южполиметалл» АҚ президенті әрі жалғыз акционері Тұрсынбек Асамбаевты қамауға алу шешімін санкциялады. Кәсіпорын президенті және заңгер 2 айға қамалды. Олар «Альянс-банк» АҚ арқылы «ПК Южполиметалл» АҚ-ына сеніп тапсырған 61 млн долларды жымқырды деп күдіктеліп отыр, деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

Тұрсынбек Асамбаев еңбек жолын Кентау трансформатор зауытынан бастаған. Кейін Шымкент қорғасын зауытына ауысты. 1992 жылы бұл зауыттың коммерциялық директоры болды. Үш жылдан соң бас директоры атанды. 1999 жылдан кәсіпорын «Южполиметалл» деп атала бастады. Т.Асамбаев осы жылдар бойы кәсіпорынды басқарған.

Соңғы жаңалықтар