ОҚО-да заңсыз жүрген 14 өзбекстандық азамат ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында елді мекен аумағында заңсыз жүрген 14 Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.
«Тексеру іс-шараларын жүргізген Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты Сарыағаш шекара отрядының шекарашылары Жібек жолы елді мекенінің аумағында заңсыз жүрген 14 Өзбекстан азаматын ұстады», делінген хабарламада.
Айтуларына қарағанда, өзбек ағайындар өз елдеріне қайтып келе жатыр екен.
Еліміздің көші-қон заңын бұзғандары үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 517-бабының 2,4 тармақшалары бойынша өзбек азаматтары әкімшілік жауапқа тартылды.