ОҚО-да жаңа прокурор тағайындалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында ауыс-түйіс орын алды. ҚР Бас прокуроры Жақып Асановтың бұйрығымен Нұрғалым Әбдіров облыстың прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы 1 қаңтар 1967 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетінің құқықтану бөлімін оқып бітірген. Прокуратура органдарындағы қызметін 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтағаннан кейін, Қарағанды қаласының Совет ауданында тергеуші қызметінен бастаған. Одан кейінгі жылдары Қарағанды облысының прокуратурасында тергеу басқармасының бөлім прокуроры, Теміртау қаласы прокурорының орынбасары, Қарағанды қаласы прокуратурасының жедел іздестіру, тергеу және алдын ала анықтау қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы, Шет ауданының прокуроры, Қарағанды облысы прокуратура органдарында мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы болып қызмет атқарған. 2002 жылы жедел іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау Департаменті Басқармасының бастығы лауазымды қызметіне тағайындалуына байланысты Бас прокуратураның орталық аппаратына жұмысқа ауыстырылған.

Бұдан кейінгі жылдарда Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары, Бас прокуратураның тергеу және алдын ала анықтау заңдылығын қадағалау Департаментінің бастығы, Алматы қаласының және Шығыс-Қазақстан аймақтық көлік прокурорының бірінші орынбасары, Бас прокуратураның мамандандырылған прокурорлар, ұсталған, қамауға алынған және жазасын өтеп жатқан тұлғалардың құқықтарының сақталу заңдылығын қадағалау Департаменттерінің бастығы лауазымды қызметтерінде болған. 20

12 жылдан бері Ақтөбе облысының прокуроры қызметін атқарған. «Ерен еңбегі үшін » медалімен марапатталған. Сыныптық шені: 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі. Прокуратураның Құрметті қызметкері болып табылады.

Ал, облыстық прокуратураны бұған дейін басқарған Ибраһим Иманов Жамбыл облысының прокуроры болып тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар