Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ОҚО-да жастардың «Арай -2018» байқауы өтіп жатыр

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жас әншілер мен мәдени шаралар жүргізушілерінің "Арай -2018"  байқауы өтіп жатыр. Өңірдің Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен  Мәдениет және халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған өнер сайысында 39 үміткер бағын сынауда, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

ОҚО-да жастардың «Арай -2018»  байқауы өтіп жатыр

Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған шара облыстық деңгейде өткізілуде. Байқаудың алғашқы  іріктеу кезеңінде облыстың қала-аудандарынан 450-ге жуық үміткер қатысқан болатын.

Жастарды отансүйгіштікке баулитын байқауда қатысушылар  шеберліктерін көрсетіп, жаңа эстрадалық әндерді шырқады. Түрлі іс-шараларды жүргізу қабілеттерін байқатты.

Әрбір аудан, қалаға бекітілген тəлімгерлер 16 мен 25 жас аралығындағы үміткерлерді іріктеп алып, дайындық жұмыстарына жетекшілік етті. Олар сондай-ақ, қазылар алқасы құрамында төрелік етуге мүмкіндік алды. Бүгін сол қала-аудандардағы іріктеуден өткен жастар облыс орталығында өнер көрсетіп жатыр. Облыстық байқаудың жеңімпаздары кешкісін анықталып, марапатталатын болады. Кеш соңында гала-концерт өтеді деп күтілуде.

null