ОҚО-да жастарға арналған «бірлігіміз жарасқан» достық семинары өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Облыс жастарының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны жайлы танымдық ойларын дамытып, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен таяуда Түлкібас ауданы, Машат шатқалындағы «Технолог» сауықтыру базасында «Бірлігіміз жарасқан» 3 күндік достық семинары өтті.
None
None

Бұл туралы ОҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Түрлі этнос өкілдері мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ, 200- ден астам жастың қатысуымен өткен семинарда мемлекеттік жастар саясаты түсіндіріліп, «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының төртінші реформасы «Біртектілік пен бірлік» - 85-90 қадамдарды жүзеге асыру мен ұлт аралық татулық тақырыптарында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Сонымен бірге, облысымыздағы жастардың күрделенген мәселелерін шешу тақырыбында жастар тарапынан айтылған жаңа идеялар тыңдалып, оларға қажетті мәліметтер де берілді.

Айта кету керек, аталған іс-шара биыл төртінші рет арнайы жоба ретінде өткізілді. Жалпы, семинар барысында достық квест, energiser, green party сияқты жастардың тың шаралары өткізілуімен қатар, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, талантты, дарынды, шығармашыл жастардың концерттік бағдарламасы тамашаланды.

Соңғы жаңалықтар