ОҚО-да жер үйден шыққан өрт бір жасар баланың өмірін қиып кетті - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні күндізгі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы Бесқұбыр елді мекеніндегі жер үйлердің бірінде болған өрт бір жасар баланың өмірін қиып кетті,
деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Тілсіз жау бір сағат өткен соң ғана ауыздықталған. Жалын аумағы 18 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы қызметінің жеке құрамындағы 11 адам мен 4 техника жұмылдырылды.