ОҚО-да жол сапасы жіті бақылауда
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Шымкент-Алматы» бағытындағы республикалық маңызы бар магистральдің 8 шақырымы төрт жолақты болады. Қазір учаскеде 2,6 шақырым асфальттың төменгі қабаты төселген. Бұл салада 20 жылдық тәжірибесі бар «Береке А» корпорациясы ірі жолдың күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
Елбасы екшеген міндеттің бірі жол құрылысы саласында жаңа технологияларды енгізу арқылы шығындарды азайту мен сапаны арттыру болатын. «Береке-А» корпорациясының бұл бағытта атқарып жатқан жұмыстары ауқымды. Мекемеге тиеcілі 6 эксковатор, 4 бульдозер және 100-ге жуық самосвалдар белгіленген межеде жұмысты аяқтау үшін пайдаланылуда.
Шымкент қаласын Сайрам ауданымен жалғайтын автожолда жұмыс қарқын алған. Аталған корпорцияның 70-ке жуық қызметкері білек сыбана еңбек етіп жатыр. Жол құрылысы 2017 жылдың соңына дейін толық аяқталуы тиіс.
Жолдың төменгі қабаты негізінен түрлі фракциялардың қиыршық тас қоспаларынан құралады, оның үстіне қажетті көтерімділік қабілетіне қол жеткізу және топырақты негіздің сығылуын болдырмау үшін көлік жүктемелерін сіңіру үшін ұсақ фракциялы қиыршық тастар төгіледі және тығыздалады. Жол инженері Тәңірберген Сүлейменовтың айтуынша жол ең қолайсыз ауа-райына төтеп бере алатындай және ұзақ жылдар бойы пайдалануға жарамды болып қалуы тиіс.
Жолдың төменгі қабаты 12 см, қара шебень, 13 см крупно зернистың асфальт. Біз әзірге тек екі қабатты ғана төсеп жатырмыз. Жолдың 3-ші қабаты келесі жылдың басында төселетін болады.
Бас инженердің сөзіне сүйенсек, бұрын ені 8 метр болған жол енді екі есеге кеңейтіліп жатыр. Негізгі бөлікте жер қазу, топырақ үю секілді жұмыстар толық жүргізілген. Әзірге таптағыш операторы жүруді түйіскен жерден бастап, жолдың жиегін бойлай жылжуда. Жамылғы келесі жүріп өту кезінде қажетті тығыздыққа дейін тапталады. Тегістеу жұмыстары жүктемелерге аса төзімді етеді. Әрі оның қызмет мерзімін ұзартып, тасжолдардағы апатты оқиғалардың санын азайтуға мүмкіндік береді" дейді ол.
Асфальт жамылғыны тығыздау сырғанауға барынша ықтимал кедергіленетін біркелкі беттің нәтижесі болуы тиіс және жоғары төзімділікке, тозуға шыдамдылыққа, жол жамылғысының ұзақ уақыт тегістігіне кепілдік береді. Ең қолайлы температуралық аралық қоспаның құрамына, төсемның қалыңдығына және пайдаланылатын тұтқырдың тұратына байланысты болады.
Автомагистральдың орталық бөлгіш жолағындағы жиектастар, қорғаныш кедергілерін орнату ісімен де аталған мекеме айналсуда. Мұндағы мамандар жол қауіпсіздігі ең алдымен оның сапасына байланысты екендігін жақсы түсінеді. Ал жергілікті халық бұл маңда көлік кептлісі азаятынына сенімді.