ОҚО-да жүргізуші полиция қызметкерін қағып кетті

ШЫМКЕНТ.ҚазАқпарат - ОҚО-ның Сайрам ауданында жүргізуші полиция қызметкерін соғып,кейін оны көлік капотымен сүйреп кеткен.
None
None

Аталған оқиға «Сайрам-Машат» жолының бойында орын алды. Сайрам АІІБ полицейлері «Ваз2106» автокөлігін құжаттарын тексеру кезінде тоқтатқан. Жүргізуші куәлігін көрсетудің орнына «газды басып» кетіп қалмақ болған. Көлік полиция қызметкерін іліп әкетіп, екі метрдей сүйрей жөнелген. Полиция қызметкері жарақаттанып, дәрігерлер оған көмек көрсетті.

Желіккен жүргізуші біраз уақыт өткен соң ұсталды. Ол 35 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазір полицейлер оның неліктен осындай әдіспен құжатты көрсетуден бас тартқанын анықтап жатыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 321-бабымен қылмыстық іс қозғалып, жүргізуші ұсталды.

Соңғы жаңалықтар