ОҚО-да жылына 2 мыңға жуық мемқызметші даярлау орталығында білім алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жылына екі мыңға жуық мемлекеттік қызметші Мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығында білім алады. Бұл туралы «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі аппараты мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығы директорының орынбасары Бақытгүл Ешмұратова айтты, деп хабарлады ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметінен.
None
None

Б.Мәлікқызының айтуынша, әрбір әкімшілік мемлекеттік қызметші жұмысқа қабылданған соң және басшылық лауазымға тағайындалғаннан кейінгі алты ай ішінде 120 сағаттық қайта даярлау курсында оқуға міндетті, ал біліктілікті арттыру семинарларынан үш жылда кемінде бір рет өтуі тиіс. Орталық мемлекеттік қызметшілерді оқыту бойынша мемлекеттік тапсырысты жоспарға сәйкес орындап келеді. Жыл сайын орталық екі мыңға жуық жергілікті және аумақтық органдардың қызметшілері оқып шығады. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында 17 біліктілікті арттыру семинары ұйымдастырылған. Онда 566 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырып, 451 мемлекеттік қызметші қайта даярлау курсынан өткен. Сонымен қатар, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының үздік бітіруші студенттері мен қоғамдық жұмыстың белсенділеріне арналған семинар өткізіліп, 31 студентке сертификат табысталған. Орталықта облыстың атқарушы органдарының тәжірибелі, жоғары білікті мемлекеттік қызметшілері және ғылым кандидаттары мен докторларынан құралған оқытушылар құрамы тыңдаушыларға дәріс оқиды.

Соңғы жаңалықтар