ОҚО-да жылыту маусымына дайындық қатаң бақылауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік мекемелер мен көпқабатты тұрғын үйлер жылыту маусымына дайын. ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында облыстық энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Марғұлан Марайым 2016-2017 жж. жылыту маусымына дайындық барысы жөнінде хабарлады. Баспасөз конференциясына басқарма бөлімінің басшысы Батырша Маханов және Шымкент қаласы тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы қалалық бөлімінің басшысы Талғат Қасымбеков қатысты, деп хабарлады ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Басқарма жетекшісінің айтуынша, 13 қазан күні температураның күрт төмендеуіне байланысты облыстық әкімдік аймақтық жиналыс өткізді.

Онда мемлекеттік мекемелерге жылу беруді ұйымдастыру бойынша нақты тапсырмалар берілді. Нәтижесінде, 14 қазан күні мемлекеттік және білім беру, денсаулық сақтау мекемелеріне жылу беріле бастады.

«Шымкент қаласы бойынша, электрлік қуаты 74 Мвт болатын «3-Энергоорталык» АҚ жылу тораптарына су толтыра бастады. Станция жылу беруге дайын. 20 қазан күні жылу тораптарын жөндеу жұмыстары толық аяқталады. Жылыту маусымына дайындық бекітілген кестеге сай жүріп жатыр», - деді Марғұлан Марайым.

Баспасөз конференциясы барысында спикерлер облыс бойынша 1510 білім беру, 951 денсаулық сақтау, 811 әлеуметтік мемлекеттік мекемесінің жылыту маусымына толық дайын екенін және 170,2 тонна қатты отын мен 9,2 миллион литр сұйық отынмен қамтамасыз етілгенін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар