Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ОҚО-дағы майлау материалдарын шығаратын бірегей зауыттың өнімдері шет елдерге де экспортталуда

АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан бойынша әлемдік деңгейде майлау материалдарын шығаратын жалғыз зауыт Шымкент қаласында орналасқан.

ОҚО-дағы майлау материалдарын шығаратын бірегей зауыттың өнімдері шет елдерге де экспортталуда

 Үдемелі Индустриялық-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасының арқасында зауыт үшін ең озық құрал-жабдықтар сатып алынды, деп хабарлады pm.kz сайты.

Мотор майларын өндіруде ең соңғы технологияларды қолданудың нәтижесінде зауыт әлем бойынша қазіргі заманның талабына сай қамтылған зауыттар қатарына қосылды. .

«ҚазМұнайГаз» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Ақтөбемұнайгаз» CNPC» АҚ, «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесориз» АҚ, «CNPC Интернешионал» АҚ, «АлЭС» АҚ, «Екібастұз ГРЭС-2» стансасы» АҚ, «Қазақмыс» ЖШС сияқты ірі өнеркәсіптік ұйымдар мен ұлттық компаниялар зауыт өніміне алғаш тапсырыс берген кәсіпорындар.

Материалдардың жоғары сапасы, сондай-ақ өндіріске белгілі өндірушілердің шикізаты мен материалдарын пайдалану бәсекеге қабілетті өнім алуға мүмкіндік беріп отыр. «HILL Corporation» ЖШС-інде шикізат материалдарын іріктеуге де ерекше назар аударылады. Әртүрлі фирмалар ұсынатын барлық үлгілердің талаптарға сай келетіндігі кәсіпорын зертханасында мұқият бақылаудан өтеді. Отандық өндірушілерден сатып алынатын шикізат пен материалдар үлесі 34 пайызды құрайды. Ал сатып алынатын басқа да ресурстарды есепке алсақ, қазақстандық үлес 50 пайыздан асады.

Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына 24 мың тонна өнім шығаруға мүмкіндік береді. Қазір зауыт өнімі ішкі нарығымызда сатылып, Қытай, Өзбекстан мен Қырғызстан елдеріне экспортталады.