15:45, 25 Мамыр 2013 | GMT +5
ОҚО: Діни тұрақтылықты қамтамасыз ету штабының отырысы өтті
АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше Оңтүстік Қазақстан облысының басшысы Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен облыс әкімі жанындағы дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті.

Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарланды.
Жиын барысында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар туралы, еліміздегі «Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар талқыланды. Осы бағыт аясында 2012-2013 жылдары атқарылатын жұмыстар және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәселелер қаралды. Облыс басшысы тиісті орган қызметкерлеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді.