ОҚО қаржы полицейлері шенеуніктерге қарсы қылмыстық іс қозғады

Шенеунікті халықаралық транзитті желі құрылысын салу үшін факті жүзінде бар болғаны 4,7 гектарға төленуі керек болса да Департамент атынан «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық тас жолын салу үшін қажетті жалпы ауданы 15 гектар жер телімін сатып алу-сату туралы шартқа қол қойғаны үшін айыптауда. Тергеу сондай жолмен жер телімі иесінің есепшотына негізсіз 51 млн теңге аударылғанын анықтады.
Сот санкциямен мемлекеттік қызметкер қамауға алынған. Қылмыстық іс тергелуде.
Қызметтік алдау фактісі бойынша Ордабасы ауданы «Раушан» балабақшасының директорына қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Оны 2011-2012 жылдар аралығы кезеңінде ЖК-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарлардың жеткізілмегенін біле тұра, жалған қабылдау-тапсыру актісіне қол қойғаны және кәсіпкерлердің есепшотына 3,5 млн. теңгеден астам соманы аударғаны үшін айыптауда.