ОҚО кеденшілері «Кеденнің айқындылығы үшін» журналистік десант өткізді

ШЫМКЕНТ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – ОҚО кеденшілері «Кеденнің айқындылығы үшін» журналистік десант өткізді,

ОҚО кеденшілері «Кеденнің айқындылығы үшін» журналистік десант өткізді
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Журналистер кеден органдарының жұмыстарымен, кедендік рәсімдерді жеңілдету, әкімшілік кедергілерді жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыстардың барысымен таныстырылды. Десант аясында баспасөз мәслихаты өткізілді. ОҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің бастығы Мейірхан Сатыбалдин өз бөлімшесінің табыстары туралы әңгімелеп берді. «Кедендік төлемдер мен салықтарды жинау бірінші тоқсанның жоспарын наурыздың 19-ында мерзімінен бұрын орындадық. Ол 6 млрд. 962 млн. теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 250 млн. теңгеге артық», ? деді М.Сатыбалдин.Енгізілген жаңа шаралар кеден бекеттерінде табысты қолданылуда. Журналистер «Бірыңғай аялдама», «Бір терезе», «Күнбе күн» және «Сейф-топтама» ұстанымдарының іске асырылуымен танысты. Облыстық кедендік орган басшысының ақпараты бойынша кедендік жүк декларацияларының 99 пайызы «Күнбе күн» ұстанымымен ресімделеді. Биылғы жылдың үш айы ішінде департамент қызметкерлері экономикалық контрабанданың 12 дерегін ашты, 50 млн. теңге соманың заңсыз тауарлары тәркіленді, 3,8 млн. теңгенің әкімшілік айыппұлы салынды, 31 қылмыстық және 293 әкімшілік іс қозғалды.