ОҚО: Мақтаралда екі жаңа балаларды сауықтыру лагері ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жазғы маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы әкімінің бастамасымен «Толағай» және «Еркежан» атты екі сауықтыру лагерлері ашылады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.
None
None

Жұмысын 6 маусым күні бастайтын бұл лагерде маусымына бес мыңға жуық баланы демалдыру жоспарлануда. Жазғы балаларды сауықтыру лагерлеріне әлеуметтік аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасы балалары мен жетім, жартылай жетім балаларды қамту мақсатында жалпыға міндетті білім беру қорынан бюджеттен 15 млн. бөлінсе, білім беру қызметкерлерінің кәсіподағынан 15 миллион, аудан бюджетінен қосымша 20 миллион теңге көлемінде қаржы қаралды. Аталған лагерлер 7 маусымнан тұрады. Әрбір маусым 10 күнді құрайды. Мұнда ауданымыздағы 4-10-шы сынып аралығындағы оқушылар демалмақ. Жасөспірімдерге таңғы жаттығу, түрлі сауықтыру ойындары мен қол өнер үйірмелері, мәдени және спорттық бағдарламалар өткізіліп, төрт мезгіл тамақ беріледі. Мұндағы «Толағай» лагері 250, «Еркежан» лагері бір маусымда 100 бала қабылдай алады.

Айта кетейік, өткен, яғни 2014 жылдың жазғы маусымында 122 білім беру мекемелерінде тамақсыз жұмыс істейтін мектепке дейінгі алаңдар ашылып, оған бастауыш сыныптардан 22134 бала қабылданды, немесе бастауыш сыныптарда оқитын оқушылардың 81 пайызы қамтылды. Аудан бюджетінен жалпыға міндетті білім беру қорынан жазғы маусымда жетім, жартылай жетім, көп балалы отбасылары мен аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын демалдыру мақсатында 10 млн. теңге қаржы қаралған болатын.

Соңғы жаңалықтар