ОҚО-ның ауруханасында босанған әйел мен оның нәрестесі көз жұмды

ШЫМКЕНТ. 25 қазан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстанның Қазығұрт ауданында ауруханада жас босанған әйел мен оның жаңа туған нәрестесі көз жұмды.
None
None

25 жастағы әйелдің туыстары болған оқиғаға медициналық қызметкерлерін кінәлайды. Әйелдің ауруханаға қалыпты жағдайда келіп түскені белгілі.

Босану 4 сағат жалғасты, дүниеге ұл бала келді. Жас ана баласымен бірге қарапайым палатаға ауыстырылды. Бірақ босанғаннан кейін келесі күні әйел өзін нашар сезіне бастады.

Ол ота жасау үстелінде көз жұмды, аурухананың бас дәрігері Ж.Қарабековтың айтуынша, ота кезінде ірің кернеген ісік жарылып кетті. Баланы өкпеге жасанды ауа жіберу аппаратына қосты.

Дәрігерлер баланың өліміне жатыр ішіндегі індет себеп болғанын мәлімдеді, қандай екені сараптама қорытындыларынан кейін белгілі болады.

Бұл ретте қайтыс болған әйелдің туыстары талдау нәтижелеріне сенбейді, олар қосымша тексерістерді өткізуді талап етеді. Әйелдің небары 1,5 жастағы бір баласы қалды.

Соңғы жаңалықтар