Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ОҚО-ның бір топ ардагерлері ЭКСПО көрмесін тамашалайды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының бір топ ардагерлері Астанаға аттанып кетті. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалауға шыққандардың қатарында Созақ ауданының экономикасы мен әлеуметтік дамуына, өркендеуі мен өрістеуі жолында елеулі еңбек еткен ел ағалары бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

ОҚО-ның бір топ ардагерлері ЭКСПО көрмесін тамашалайды

Бұл шара облыс бойынша Созақ ауданан бастау алған тұңғыш бастама болып отыр. Шолаққорған ауылынан Астанаға жол тартқандар көрме аясында бас қаланың көрікті жерлері мен тарихи орындарын аралап қайтпақ. Сонымен қатар Алжир лагеріне соғып, Бурабай табиғат мұражайына барады деп күтілуде. Ардагерлерді барып-қайту сапарында жол бастап аудан әкімдігінің бөлім басшысы, медицина, әлеуметтік сала қызметкерлері сияқты жауапты мамандар да баратын болады. Өз кезегінде ауыл ақсақалдары әкімдіктің қолған бұл бастамасына алғыс айта отырып, оларға ризашылықтарын жеткізді. Өйткені әлемдік деңгейдегі көрмеге барып қайту ауылдағы ағайынға оңай соқпайтыны анық. Ал, аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайы өнерпаздары сапарға шыққан ел ағаларына арнап әсем әндері мен сазды күйлер орындады. Аман барып, сау қайтыңыздар деген ізгі тілектерін жеткізді.