12:31, 23 Ақпан 2016 | GMT +5
ОҚО-ның кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары 68 мыңнан астам бизнесменге консультация берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО-ның кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары 68 мыңнан астам бизнесменге консультация берді. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов осылай айтты.

«Барша аудан мен қалада кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің орталықтары ашылды және олар «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Орталықтар құрылғалы 68 126 кәсіпкерге түрлі қызмет көрсетілді, оның ішінде 2015 жылы 35 899 кәсіпкер қамтылды»,-деді әкім.
Осы орайда ол облыста кәсіпкерлікті қолдау бойынша өңірлік бастамалар табысты жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті. Мәселен, «Максимум» Аймақтық инвестициялық орталық пен шағын несиелік «Ырыс» ұйымы өздерінің тиімділігін байқатты.
Қабылданған шаралардың арқасында мемлекеттік бюджетке түсетін қаржы көлемі артып отыр.