ОҚО-ның Шақпақ баба өткелінде 200-ге жуық көлік жиналып тұр

ШЫМКЕНТ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай,

ОҚО-ның Шақпақ баба өткелінде 200-ге жуық көлік жиналып тұр

кеше кешқұрым ОҚО-да «Алматы-Термез» республикалық маңызы бар күре жолда жүк және жеңіл көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Шектеу ауа райының қолайсыздығына - Жаскешу елді мекенінің Жамбыл облысы жағындағы аумағында, Шақпақ баба өткелінің маңында ұйытқыған бұрқасынға байланысты енгізілді. Куә болған адамдардың айтуынша, өткелде 200-ге жуық көлік жиналып тұр.

Баспасөз қызметінен мәлім еткендей, облыстың қалған өткелдері қозғалыс үшін ашық.