ОҚО: Отырар ауданының білім саласына көрсетілген қамқорлық

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының бiлiм саласына мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар көрсетiлуде. Одан Отырар ауданы да құралақан емес, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Мәселен, биыл осы мақсатқа сәйкес ауданға 4,7 млрд. теңге бөлiндi. Бұл қомақты қаражат ауданның бiр ғана бiлiм саласының еншiсiне берiлiп отыр.  Жалпы, Отырар ауданында 40 мектеп бар. Олардың 27-сi типтiк болса, қалғаны ыңғайластырылған бiлiм ошақтары. Мектептердiң тең жартысында оқушылар бiр ауысымда оқиды. Бiлiмге деген қамқорлық пен қолдаудың арқасында ауданда апатты немесе үш ауысымды бiрде-бiр мектеп жоқ. Биыл Абай атындағы орта мектеп күрделi жөндеуден өткiзiлдi. Осы мақсатқа орай облыстық бюджеттен 89,8 млн. теңге жұмсалды. 2016-2017 оқу жылында оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету үшiн аудандық бюджеттен 40,6 млн., облыстық қазынадан 1 233,4 мың теңге қаралып, 4 161 оқушының барлығы түгел оқулықтарға қол жеткiздi. Оқушыларға қазiргi заман талабына сай бiлiм беру үшiн мектептер кең жолақты интернетке және онлайн режимiндегi жүйеге қосылған. Сынып бөлмелерiнiң көпшiлiгi интерактивтi тақтамен және мультимедиялық құралдармен жабдықталған. Қазiргi таңда аудандағы бiлiм ұяларында 1275 компьютер бар. Оқушыларды компьютермен қамтамасыз ету тапсырмасы Отырарда 105 пайызға орындалды. 2015-2016 оқу жылында Ұлттық бiрыңғай тестiлеуге 553 оқушы қатысты. ҰБТ қорытындысы бойынша жалпы орта балл 79,47-нi құрады. Бұл көрсеткiш өткен жылмен салыстырғанда 0,26 балға артып, облыс бойынша 7-орынды иемденуге мүмкiндiк бердi. Ауданда 38 балабақша бар. Мектепке дейiнгi мекемелерде бүгiнде 2195 бүлдiршiн тәрбиеленуде. Жалпы, 3-6 жастағы балалардың 84 пайызы балабақшамен қамтылған. Көрсеткiштi жоғарылату бойынша тиiстi жұмыстар жүргiзiлуде.

Соңғы жаңалықтар