ОҚО палуаны Бангкокта әлем чемпионатының күміс медалін иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиланд астанасы - Бангкокта өтіп жатқан грек-рим күресі бойынша Азия біріншілігінде оңтүстікқазақстандық А. Жаңбыров күміс медаль еншіледі, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

66 келіге дейін салмақ санатында А. Жаңбыров оңтүстіккореялық палуаннан жеңіліп, екінші орынды иеленді. Жарыстың бірінші айналымында палуан солтүстіккореялық спортшыны 8:0 есебімен жеңген. Келесі айналымда жапондықты 6:0 есебімен ұтты.

Жартылай финалда А. Жаңбыров Өзбекстан спортшысына мүмкіндік қалдырмай, 4:2 есебімен жеңіске жетті. Бүгінде оңтүстікқазақстандық Астанада таяуда өтетін чемпионатта ойналатын Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға лицензия алуға басты үміткерлердің бірі болып табылады.

Соңғы жаңалықтар