ОҚО полицейлері 1,5 млн теңгенің бұйымын ұрлап кеткен өзбекстандықты Астанадан тапты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО полицейлері Шардара тұрғынын тонап кеткен өзбекстандық 27 жастағы ұрыны елордада ұстады.
None
None

ОҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шардара полиция бөліміне жергілікті әйел шағымданған. Ол жасы шамамен 30-ғы ер адамның оның учаскесінде жұмыс істеп, сеніміне кіріп алған соң, түнде ақшасы мен алтын бұйымдарын алып кеткенін айтқан.

Тергеу-жедел тобы ұрының есімін анықтап, қайда жүргенін білді. Ер адам Астанада ұсталды. Ол 1988 жылы дүниеге келген Өзбекстан республикасының тумасы болып шықты. ОҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, келтірілген шығын сомасы 1,5 млн. жуық теңгені құраған. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар