ОҚО полицейлері бейнебақылау камераларының көмегімен 140-тан астам қылмыстың бетін ашты

ШЫМКЕНТ. 17 қазан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 9 айының ішінде ОҚО-ның полицейлері бейнебақылау таспаларының көмегімен 140-тан астам қылмысты ашты, соның ішінде ұрлықтың 70-тен астам және қарақшылықтың 30 фактісі бар.
None
None

Мәселен, ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен келіп түскен хабарлама бойынша, Жедел басқару орталығының (ЖБО) кезекшілік бөліміне Шымкенттің 23 жастағы тұрғыны телефон шалып, кешкі сағат бес шамасында қаланың жол қиылыстарының бірінде белгісіз біреулер оның сөмкесінен 40 мың теңгені ұрлап әкеткенін хабарлады. Жедел-іздеу шараларының барысында полиция қызметкерлері сыртқы бақылау таспаларының көмегімен күдікті азаматшаны - облыс орталығының 19 жастағы тұрғынын ізін суытпай ұстады. Айғақ дәлелдер ретінде ұрланған ақша алынып, заңды иесіне қайтарылды. Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 175-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Тәулік өткен соң ОҚО ІІД ЖБО-ның кезекшілік бөліміне басқа бойжеткен хабарласып, түнде белгісіз адамдар Шымкент көшелерінің бірінде келе жатқан оны тонап, «Нокиа» маркалы телефонын алып кеткенін жеткізді. Полицейлер ЖБО-ның таспалары арқылы 22 жастағы күдіктіні, Сайрам ауданының тұрғынын ұстады. Аталған фактімен «Тонау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар
Референдум