ОҚО полициясы қаруланған мал ұрлықшыларын құрықтады

ШЫМКЕНТ. 2 тамыз. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысының полициясы қарақшылық шабуыл жасап, мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты қолға түсірді, деп хабарлайды ОҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

ОҚО полициясы қаруланған мал ұрлықшыларын құрықтады

Қылмыстық топтың құрамында қазір жазаларын өтеп жатуға тиісті бұрын сотталған екі адам болған.

Жергілікті тұрғындардың бірі Сайрам аудандық ішкі істер бөліміне келіп, түнде өріске белгісіз бес адам келгенін, қарумен малшыны қорқытып, 50 қой және 2 бұқаны алып кеткенін хабарлайды. Материалдық шығын шамамен 2 млн. теңгені құраған. Полиция күдікті алты адамды анықтаған. Бір ай өткен соң ұрлықшыларды Түркістан қаласынан малды сатып келе жатқан жолда «Арлан» арнайы бөлімінің қызметкерлері қолға түсірді.

Олардың барлығы ОҚО тұрғындары, ең үлкен 32 жаста болса, ең кішісі 19 жаста. «Оның үстіне, олардың ішіндегі екі адам сотталған. Бірі -бұзақылық жасағаны үшін, екіншісі - адам өлтіргені үшін. Олардың екеуі де жазаларын өтеп жатуы керек еді», - делінген баспасөз қызметтің таратқан ақпаратында. Қазіргі таңда ұрлық жасаған екі қылмыскер қалайша абақтыдан шыққаны анықталып жатыр.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 179 бабы 3 тармағы «Қарақшылық жасау» және 178 «ұрлық жасау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.