ОҚО: «Сарыағаш - Леңгір» жолы қайта жөндеуден өтеді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - ОҚО Арыс ауданында «Сарыағаш-Леңгір» жолының 80 шақырымы қайта жөндеуден өтеді.
None
None

Арыс ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол жөндеу жұмыстары 2015 жылға жоспарланған. Сондай-ақ аудан орталығы көшелері мен басқа да елді мекендерде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, Арыстың 35 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген, сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолы пайда болды. Биылғы жылы аудан әкімшілігі Дермене мен Арыс ауылдарындағы каналға жөндеу жүргізбек. Бұл су тасқынының алдын алады.

Сонымен бірге, өткен жылы осы мақсатпен Монтайтас ауылында ескі су бұрғыш арықтардың 60 метрін қалыпқа келтірді, Қожатоғай ауылында 500 метр арық тазартылды. Ал Ақтас ауылына 800 метр су бұрғыш канал салынды. Сондай-ақ ТЖ алдын алу мақсатында Қожатоғай, Байтоғай елді мекендерінде 4 шақырым дамба салынды, оның ені 3 метрді құрайды. Монтайтас ауылында салынған көпірге облыстық бюджеттен 44 млн. теңге бөлінген.

Соңғы жаңалықтар