ОҚО: Шардаралық спортшылар марапатталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай жасөспірімдер арасында өткен «Оңтүстік Қазақстан облысының кубогы» жарысында шардаралық спортшылар да бақ сынап келді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Спорттың 8 түрі бойынша өткен дүбірлі додада Шардара ауданының командасы қазақ күресінен І орынды, қыздар арасында өткен волейбол жарысынан І орынды иеленді. Ал ұлдар арасында өткен волейбол жарысында ІІ орынды, грек-рим күресінен ІІІ орынды бағындырды. Облыс бойынша жалпыкомандалық есепте ІІ орынға көтерілген жерлестеріміз ауылға осылайша абыроймен оралды. Шардараның даңқын асқақтатып келген спортшыларға аудан басшылығы да лайықты құрмет көрсетті.

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Бақтыбай Әліпов жеңімпаз атанған волейболшы қыздар мен ұлдарды, боз кілемде атой салған палуандарды «Алғыс хаттармен» және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Спортшылармен қатар олардың осындай биік нәижеге қол жеткізуіне өлшеусіз еңбек сіңіріп жүрген жаттықтырушыларына да сый-сияпаттар берілді. Сондай-ақ, осынау жиында спорт жетістіктерін бұқаралық ақпарат құралдарында үздіксіз жариялап жүрген бір топ журналистерге аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі тағайындаған бағалы сыйлықтар мен «Алғыс хаттар» да салтанатты түрде табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар