Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ОҚО: Созақ ауданында 80 орындық балабақша пайдалануға берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Созақ ауданының Сызған ауылы округіне қарасты Қайнар елді мекенінде 80 орындық жеке меншік балабақша ашылды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

ОҚО: Созақ ауданында 80 орындық балабақша пайдалануға берілді

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында пайдалануға беріліп отырған «Ерасыл» балабақшасының ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі М. Исаев: - Биылғы жылы аудан бойынша 6 балабақша аштық, міне, 7 балабақша ел игілігіне беріліп отыр, жыл соңына дейін тағы бірнеше балабақша ашамыз. Мұның бәрі Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізіп отырғандығымызды айта кету керек, - деп барша Қайнар елді мекенінің тұрғындарын құттықтады.

Аудандық мәслихаттың депутаты Г. Момбекова жерлестерін жаңа балабақшаның ашылуымен құттықтап, жеке кәсіпкер Б. Алғазиевке алғысын айтты. Сондай-ақ, ауыл қариясы Ж. Жотабаев бата беріп, балабақша іші балалар күлкісіне толсын деген жүрекжарды лебізін білдірді.

«Балапан» бағдарламасы аясында ашылып отырған «Ерасыл» балабақшасында қазіргі таңда 6 адам жұмыспен қамтылды.

-Мектепке дейінгі білім беру ісінде мол тәжірибесі бар әдіскер және тәрбиеші, күтуші, медбике, аспазшы секілді қызметкерлер өз қызметтеріне кірісті. Жауапкершілігі мол, белсенділі, елді мекен тұрғындарын жұмыспен қамтуға тырыстым, - дейді жеке кәсіпкер Б. Алғазиев.

Алдағы уақыттары 3 топ ашылып 22 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. 315 шаршы метр ғимарат ішінде, балдардың демалыс бөлмесі, оқу және ойын бөлмелері, сондай-ақ, медбике кабинетімен асханасы бар.