ОҚО: Созақ ауданында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен күрес Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында жандана түсті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Теріскей топырағында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы ашылған. Ондағы мақсат - өсіп келе жатқан өрендердің бойына дамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Осының шеңберінде арнайы шара ұйымдастырылып, клуб құрамына жас шәкірттер қабылданды. «100 нақты қадам - Ұлт жоспары». Бағдарламаның игілігі көп.

Мемлекет іргесінің берік, болашақтың бекем болмағы да мейлінше таразыланған. Маңызды құжаттың 13-ші қадамы жемқорлықпен күресті күшейтуді көздейді. Бұл бағыт өскелең ұрпақтың бойына ізгі қасиеттерді қалыптастырмақ. «Адал ұрпақ» клубын ұйымдастырушылар осылай дейді. Бастама Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған. «25 жұлдызды күн» акциясына сай мектеп оқушылары  ант қабылдап, арнайы төсбелгіні кеуделеріне тақты. Мұнда үкілі үміт пен үлкен сенім астасып жатыр.

«Адал ұрпақ» еріктілері клубы әр мектепте өз ісін бастап кетті. Мүшелікке 1-11 сынып оқушылары алынды. Шара барысында клуб жұмысының мақсат-міндеттері түсіндіріліп, жүйелі жоспар жасалды. Бұл әрине, бүгінгі буынның келешегі кемел болуына жасалған нақты қадамның-сәтті бастамасы.

Соңғы жаңалықтар