ОҚО Созақ ауданында болған төтенше жағдай салдарынан 32 млн. теңге көлемінде шығын келді - алдын ала мәліметтер

ШЫМКЕНТ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінен келіп түскен мәліметтер бойынша, Созақ ауданында болған дауыл алдын ала мәліметтер бойынша 32 миллион теңге көлемінде шығын келтірді.

ОҚО Созақ ауданында болған төтенше жағдай салдарынан 32 млн. теңге көлемінде шығын келді - алдын ала мәліметтер

Бірінші кезекте қазір зардап шеккен елді мекендердегі электрмен жабдықтауды қалпына келтіру үшін шаралар қолдануда.

Комиссияның мәліметтері бойынша Созақ ауданында 19 мектеп пен 200-ге жуық үй зардап шекті. Кейбір елді мекендерде дауыл медициналық және учаскелік полиция бекеттерінің шатырларын жұлып әкетті. Барлығынан гөрі Саукент кенті қатты зардап шекті.