ОҚО: Созақ ауданында мерекелік игі шаралар жалғасын табуда

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 10 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ - ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 НЕГІЗІ» 25 жұлдызды күн аясындағы «Әлеуметтік жаңғырту» күнінде 3 іс-шара өткізілді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Олар: 1. Аз қамтылған отбасыларға көмек беру мақсатында «25 игі шара» қайырымдылық акциясы- Әлеуметтік жағдайы төмен, көмекке мұқтаж кез-келген адамдарға өзіне қажетті азық - түліктер, сырт киім, аяқкиім, әдемі ойыншықтарды тегін таратылды.

2. "Ел өркендеуінің басты факторы" тақырыбында дөңгелек үстел - аталған шараға жоғары сынып окушылары қатысты .Ел өркениеті дамып келе жатканын қазіргі өркендеген Қазақстан жайлы хабарлама жасады. Дөңгелек үстелге қатысушы жастар Ел дамуының басты факторы туралы мақтанышпен өз пікірлерін білдірді
3. "Еңбек ер атандырады" тақырыбында Еңбек адамымен кездесу - Колледж студенттеріне келген қонақтар алдағы уақытта дұрыс мамандық таңдау үшін бағыт - бағдар беріп, әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатынын жете ұғындырды.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесін лайықты атап өту рәсімі алдағы күндері өз жалғасын табатын болады.

 

Соңғы жаңалықтар