ОҚО: Ветеринарлар 172 жаңа көлікке ие болды

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев аудан мен қалалардағы ветеринариялық мемлекеттік мекемелерге арнайы жабдықталған «Нива» автокөлігінің кілтін табыс етті. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Елбасының тапсырмасына сәйкес мал шаруашылығын дамыту, оның ішінде етті мал бағытын өркендетіп, экспорттық әлеуетін арттыру бағытында мемлекет тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылуда. Осы міндеттерді орындауда ветеринария саласына да жүктеліп отырған міндеттер орасан. Бүгінгі таңда аудан мен қалаларда ветеринариялық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар құрылып, оларда 1500 мал дәрігер мамандары жұмыс атқаруда. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес бүгін облыстағы барлық ветеринариялық бекеттерге арнайы жабдықталған 172 «Нива» автокөлігі табысталды», - делінген баспасөз баянында.

Облыстық ауылшаруашылық басқармасының мәліметінше, мұндай бекеттердің барлығы малдәрігерлік қызметке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп жатыр. Таяу күндері «УАЗ» және «Санионк» автокөліктері қосымша берілетін болады.

Соңғы жаңалықтар