ОҚО: «Жібек жолы» көлік логистикасы көрмесі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте «Жібек жолы» көлік логистикасы көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Тоғыз жолдың торабына орналасқан Шымкент - қашанда экономикалық әлеуеті жағынан кәсіпкерлер үшін тартымды аймақ. Ежелгі Жібек жолы бойындағы қала ертеден сауда байланысымен аты мәлім. Сондықтан жаңа заман талабына сай сауда байланысын қайта жандандырған жөн. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған «Жібек жолы» көлік логистикасы» көрмесінің басты мақсаты осы.

Көлік логистикасы көрмесінің Шымкентте өткізілуі жай емес. Аймақта әлеуметтік -экономикалық көрсеткіштер бойынша өзге аймақтардан оқ бойы озық тұр. Өңірде бірнеше индустриалды және көлік логистикалық аумағы жұмыс істейді. Облыс халқы 3 миллионға, ал шаһар тұрғындары миллионға жуықтады. Сондықтан кәсіпкерлік пен бәсекелестік бұл аймақта өте жоғары деңгейде. Көрмеге облыстың белгілі компаниялары да қатысты. Мұндай кездесулер бәсекелестердің мүмкіндігін сараптауға септеседі. Ал, бәсекелестік орта логистика қызмет құнының арзандауына әкеледі.

Бұл жерде ұтатын тек компания емес. Қызмет тұтынушылар да айтарлықтай жеңілдікке ие болады. Жиын барысында облыстың логистикалық мүмкіндіктері туралы жан-жақты айтылды. Көпшілікке берері мол бұл шара екі күнге созылды.

Соңғы жаңалықтар