ОҚО: Жөндеуден өткен «Мирный» каналы пайдалануға берілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданына қарасты Қарғалы ауыл округіндегі «Мирный» каналы ел игілігі үшін пайдалануға берілді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Дихан қауымының қуанышын арттырып, тәуесіздігіміздің мерейлі мерекесіне тарту болған каналдың салтанатты тапсырылу шарасына аудан әкімі Ерлан Айтаханов арна йы қатысты. Көпшілікті егемендігіміздің 25 жылдығымен құттықтаған аудан басшысы «Елбасымыздың дара саясатының арқасында әлемдік экономикалық қиындықтарға қарамастан барлық жағдайлар жасалынуда. Оның дәлелі 30 жылға жуық жөндеу жұмыстарын көрмеген, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында пайдалануға беріліп отырған «Мирный» каналы. Ағын су арнасының 14,2 шақырым бетонмен қапталып, 7 дана гидроқұрылым жөнделді. 2 дана құбырлы өткел, 15 дана су өткізгіш құрылым орнатылды. 4 дана СНП 500/10 насостары жаңадан орнатылып, 16,0 шақырым электр желісі тартылды.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде егілмей отырған 674 гектар жердің сумен қамтылуы жақсарып, 1300 гектар жаңадан жер қосылып, толықтай егілетін болады. Дихандардың әлеуметтік жағдайы жақсарып, тұрмыс деңгейі көтеріледі. Тәуелсіздік күні қарсаңында пайдалануға біріліп отырған игі істер жаңа қуанышты сәттің бастауы болсын» деген ізгі тілегін білдірді.

Егіс алқабының көлемін ұлғайту, ағын су тапшылығын жою бағытындағы осындай ауқымды істер алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Шара барысында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжеғұл Абдуллаев ақ батасын беріп, каналдың салтанатты түрде ашылу лентасын қыйды.

 

Соңғы жаңалықтар