Өкпе обасы туралы өсек таратқан студенттің үстінен іс қозғалды - Ресей

АСТАНА.  Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат -  Саратов Ішкі істер басқармасы    өкпе  обасы  туралы өсек    таратқан   медик-студенттің  үстінен  қылмыстық іс қозғады,  
None
None

деп хабарлайды  «Маяк»  радиосы.

22 жастағы  азаматқа  «лаңкестік  туралы  қасақана  жалған   хабар   таратты», деген  айып  тағылып   отыр.

Бұл оқиғаға    студенттің   Интернет сайттарының бірінде  жасаған     жазбасы  себеп болғанын  айта кету керек. Естеріңізге  салайық,   сәрсенбі күні саратовтықтардың арасында  дүрбелең  орын  алған  болатын.  Интернетте Саратовта  өкпе  обасының  ошағы    тіркелгені,     індет  ошағын зарарсыздандыру  үшін    ұшақтың көмегімен    қала үстінен   дәрі   себілетіні  туралы    ақпарат   пайда  болды.

Аймақтың   денсаулық сақтау   ведомствосы  бұл  оқиғаны    «ойыны осылған»  жас жігіттің    қалжыңы   екенін  айтып,  қала тұрғындарын   медиалық бұзақыларға  құлақ аса  бермеуге     шақырды.

Соңғы жаңалықтар