Оксфорд университетінің ректоры алғаш рет әйел болмақ

1230 жылғы ректорды алғашқы сайлау сәтінен бері университетті кілең ерлер басқарды. Ричардсон енді Нью-Йорк университетін басқаратын Эндрю Хамильтонның орнын басады. Оксфордтың жаңа ректоры міндеттерін орындауға 2016 жылғы қаңтардан бастап кіріседі.
«Оксфорд - ұлы әлемдік университеттердің бірі. Маған осы көрнекті оқу орнын басқару құрметі көрсетілді. Мен талантты, тәжірибелі және көрнекті әріптестеріммен жұмыс жасауды асыға күтудемін», - деп мәлімдеді Ричардсон ректор сайлауының қорытындылары жарияланғаннан кейін.
Профессор Ричардсон - саясаттанушы, саяси зерттеулер, қауіпсіздік және терроризм проблемларын зерттеу саласындағы маман, терроризм проблемалары жөніндегі кітаптардың авторы. Жаңа ректор Ирландияда туып-өсті, Дублин колледжін бітірді, кейіннен АҚШ-тағы Калифорния штаты университетінде және Гарвард университетінде оқыды. 2009 жылдан Сент-Эндрюс универститетін басқарды.