Оқушылар мектепке 72 мың қызыл қоңыз таратып жіберген

АСТАНА. ҚазАқпарат -АҚШ полициясы Мэриленд штатындағы орта мектептердің бірінде жеті оқушыға айып тақты.
None
None

Білім ордасының есігін сындыра кіріп, ішіне 72 мың қызыл қоңыз таратқан оқушыларға әкімшілік айып тағылды.

Әзіл әрекетке алты жоғары сынып оқушысы мен бір түлек қатысқан. Кәмелет жасқа толмаған төрт әзілқойға мекемеге заңсыз кіріп, мүлікті жойып, оқу үрдісіне кедергі келтіргендері үшін әкімшілік айып тағылды. Үш ересектеуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Тәртіп бұзғандардың бірі қызыл қоңыздарға Amazon арқылы тапсырыс берген көрінеді. Жәндіктердің не болғаны белгісіз.

Соңғы жаңалықтар