Оқытушылардың жалақысы және студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға өсті ? Ж.Түймебаев

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Биыл қаңтардың 1-інен бастап оқытушылардың жалақысы және студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға өсті.
None
None
Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылдың қорытындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сондай-ақ магистранттардың шәкіртақысы 3 есе өсті. Ал бастауыш сынып мұғалімдерінің апталық еңбек жүктемесі азайтылып, осының арқасында олардың жалақысы 11 пайызға көтеріледі», - деді Ж.Түймебаев.
Соңғы жаңалықтар