«Оқжетпес» футбол клубы жаңа бапкер тағайындады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық маман Ринат Алюетов «Оқжетпес» футбол клубы бас бапкері қызметіне тағайындалды.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Ринат Алюетов қазірге дейін Премьер-Лиганың «Жетісу», «Жеңіс», «Тұран» және «Каспий» клубтарында қызмет атқарды.
2023 жылы «Елімай» клубының Бірінші лигадағы чемпиондық маусымында бас бапкердің ассистенті болып, команданың жетістігіне елеулі үлес қосты.
Қазақстандық маман жас ойыншыларды дамытуға ерекше көңіл бөліп, «Алтай» футбол орталығында, «Жетісу» жастар командасында және Қазақстанның U-16 жасөспірімдер құрамасында еңбек етті.
Айта кетсек, өткен жылы команда тізгінін алдымен Андрей Ферапонтов «Оқжетпес» командасы ұстап, шілде айында қызметінен кетті.
Ал одан кейін бас бапкер болып тағайындалған Қайрат Нұрдәулетов жақында Талдықорғанның «Жетісу» командасының тізгінін ұстады.
Өткен жылы көкшетаулық клуб Премьер-лигада 35 ұпаймен сегізінші орынға тұрақтады.