«Оқжетпес» шипажайында жасанды интеллектіге негізделген диагностика бар
ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Оқжетпес» санаторийі болашақ медицинасына нық қадам басып, заманауи технологиялар мен инновациялық сауықтыру әдістерін кезең-кезеңімен енгізіп келеді.
Көпжылдық клиникалық тәжірибені, табиғи емдік ресурстарды және озық медициналық шешімдерді ұштастыра отырып, «Оқжетпес» еліміздегі санаторий-курорттық емдеудің жаңа стандартын қалыптастыруда.
Санаторий дамуының негізгі бағыттарының бірі — жасанды интеллектті қолдана отырып жүргізілетін кешенді диагностика. «Оқжетпесте» заманауи AI-диагностика технологиясы, яғни арнайы AI-станциялар кезең-кезеңімен енгізіліп келеді. Бұл жүйе ағзаның негізгі жүйелерінің функционалдық жай-күйін қысқа уақытта, дәл әрі инвазивсіз бағалауға мүмкіндік береді.

Денсаулық саласындағы жасанды интеллект
AI-диагностика — биометриялық және физиологиялық деректердің ауқымды көлемін талдайтын интеллектуалды жүйе. Қысқа уақыт ішінде пациенттің:
· жүрек-қантамыр,
· жүйке,
· тыныс алу,
· тірек-қимыл және өзге де ағза жүйелерінің жағдайына кешенді баға беріледі.

Сонымен қатар, диагностика барысында:
· дене құрамына талдау жасалады (бұлшықет, май тіндері, су балансы);
· стресс деңгейі мен вегетативтік жүйке жүйесінің жағдайы анықталады;
· функционалдық және биологиялық жас есептеледі;
· ықтимал қауіп факторлары мен жасырын функционалдық ауытқулар айқындалады.

Емшара ұзақтығы — 10–20 минут; Ауыртпайды және арнайы дайындықты қажет етпейді;
Алынған деректер дәрігер тарапынан емдеу-оңалту бағдарламасын түзету үшін қолданылады.
Диагностиканың мақсаты:
AI-диагностика келесі мүмкіндіктерді береді:
· емдік және сауықтыру процедураларының жеке кешенін іріктеу;
· санаторийлік емге дейінгі және кейінгі ағза жағдайын бағалау;
· оңалту және алдын алу бағдарламаларының тиімділігін арттыру;
· әрбір қонаққа жеке қамқорлық көрсету.

«Оқжетпестегі» диагностиканың артықшылықтары:
· заманауи цифрлық технологиялар мен интеллектуалды деректер талдауы;
· денсаулықты бағалаудағы кешенді тәсіл;
· диагностикалық нәтижелердің емдеу-оңалту үдерісіне толық интеграциялануы;
Жасанды интеллект жүргізілген талдау негізінде шипажай дәрігерлері әрбір қонақтың қажеттілігіне сай келетін жеке сауықтыру бағдарламасын әзірлеуге көмектеседі.

Әдіс инвазивсіз, емделуші үшін қолайлы және аурудың алдын алу мен ерте анықтау маңызды саналатын қазіргі профилактикалық медицина талаптарына толық сай келеді.
Технология мен дәстүрлі медицинаның үйлесімі
«Оқжетпес» шипажайы цифрлық шешімдермен қатар, заманауи және дәстүрлі медицинаның үздік жетістіктерін біріктірген кешенді сауықтыру тәсілін басым бағыт ретінде ұстанады.
Санаторийде ағзаның ішкі тепе-теңдігін қалпына келтіруге негізделген қытай медицинасы бағыттары белсенді дамып келеді. Қонақтарға ішкі процестерді үйлестіруге, иммунитетті нығайтуға және өмірлік энергияны қалпына келтіруге бағытталған емшаралар ұсынылады.

Сонымен қатар, «Оқжетпесте» төмендегі емдік әдістер кеңінен қолданылады:
· қабынуға қарсы және қалпына келтіру әсерімен танымал нафталан процедуралары;
· ағзаны нығайтуға арналған табиғи биологиялық белсенді заттарға негізделген пантамен емдеу;
· жамбас түбі бұлшықеттерін нығайтып, өмір сапасын арттыруға бағытталған инновациялық «Кегель тақтасы» процедурасы.

Емдеу-сауықтыру бағытындағы медицинаның болашағына көзқарас
Диагностикалық үдерістерге жасанды интеллектті енгізу — «Оқжетпес» санаторийінің стратегиялық дамуының маңызды бөлігі. Шипажай алдағы уақытта да дамуын жалғастырып, әлемдік үздік тәжірибелерді енгізе отырып, ғылымға, инновацияға және сенімге негізделген заманауи медициналық-сауықтыру орталығы ретіндегі мәртебесін нығайта бермек.
Айта кетейік, Президенттің іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы ұлттық аккредиттеудің жоғары санатына ие болды.