Ольга Рыпакова Ашхабадтағы Азия ойындарында екінші алтын медальді жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында өтіп жатқан жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтетін VАзия ойындарының төртінші жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Әйелдер арасына үш қарғып секіруден ел намысын қорғаған қос бірдей спортшымыз Ольга Рыпакова және Мария Овчинникова жеңіс тұғырынан көрінді. Ольга төртінші мүмкіндігінде 14.32 метрге секіріп, осы ойындағы екінші алтын медальін қанжығасына байлады. Ал Мария Овчинникова үшінші мүмкіндігінде 13.21 метр ұзындықты бағындырып, күміс медаль иеленді. Қола медальды қытайлық ТанЧюджяу (13.20 метр) жеңіп алды.

Айта кетейік, бүнінгі жарыс жолында тағы төрт жеңіл атлетіміз финалда алтынға таласады. Олар Виктория Зябкина және Ольга Сафронова (әйелдер арасында 60 метрге жүгіру), Михаил Литвин және Елена Микина (400 метрге жүгіру).

Соңғы жаңалықтар